Бір отбасының тоғыз бірдей мүшесі өртке кетті
АСТАНА. 10 наурыз. ҚазАқпарат - Кеше Пермь өлкесінде күшті өрт болды, деп хабарлады Утро.ру.
Көп балалы отбасы, соның ішінде ата-аналары, жеті бала, бес ұл мен екі қыз бала қазаға ұшырады, оның ең кішісі төрт жаста.
«Өртте бес бала мен екі қыздың, сондай-ақ екі ересек адамның денесі табылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, бұл бір отбасы мүшелері сыңайлы. Олар төрт қабатты үйдің цокольдік қабатында тұрған», - деді Пермь өлкесі бойынша ТЖ қызметінің өкілі.
Бұл оқиға туралы дабыл өрт сөндірушілерге кеше таңертең мәскеу уақытымен 08:15-те келіп түскен. Пермь өлкесінің Кунгур ауданындағы Моховое селосында екі бөлмелі пәтер жанған. Отты ауыздықтауда ТЖМ-ның 32 қызметкері мен бес бірлік техника жұмылдырылған.
Lifenews.Ru сайтының хабарлауынша, қазаға ұшыраған отбасы кедейшілікте өмір сүрген. Көршілерінің айтуынша, 1978 жылы туылған отағасы наубайханада жұмыс істеген, үнемі ақшаға тарығып отырған, әйелі жұмыс жасамаған, сондықтан да үй шінде кикілжің жиі болып тұрған..
«Отбасы иесі жиі ішімдікке салынған және кедейлік қамытына үнемі реніште жүрген. Алдын ала мәліметтер бойынша, кезекті ішімдікке салыну кезінде ол пәтерін өртеп жіберген», - деп хабарлады журналистерге құқық қорғау өкілдері.
Басылымның нақтылауынша, отбасында 13 жасар ұл бала тірі қалған, ол сол күні әжесінде түнеген.