Бір шара кеспе жеген қытайлық өрт сөндіруші жергілікті әлеуметтік желілердің жұлдызына айналды (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайлық өрт сөндірушінің фотолары жергілікті БАҚ-та жарияланған соң әлеуметтік желілердің жұлдызына айналды. Фотоларда оның тез әзірленетін бір шара кеспені жегені түсірілген.
Ер адам жұмыстағы қысым салдарынан көп тамақтануға мәжбүр екенін түсіндірді.
CCTV News телеарнасы хабарлағандай, өрт сөндіруші Бу Венминь әріптестерімен бірге екі тәулік бойы демалыссыз және үздіксіз жұмыс істеген. Құтқарушылар түнгі сағат екіде базаға келгенде, жергілікті өрт сөндіру қызметінің бас аспазы оларға шарада тез әзірленетін кеспе дайындаған.
Бу ас үйге жолдастарынан кештеу келді. Өзіне тиесілі тағамды жеген ол шарада көп кеспе қалғанын байқады. Қытайлық шараны өзіне тартып, ондағы тағамның барлығын жалғыз өзі тауысқан, деп жазды life.ru.