Бір сыныпта 30% ЖРВИ тіркелсе, оқу онлайн форматқа ауыстырылады - министрлік

АСТАНА. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сай, сынып оқушыларының ЖРВИ (жіті респираторлық вирустық инфекциясы) жұқтыру көрсеткіші 30 пайыздан асса, білім беру қашықтан оқу форматына ауыстырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бір сыныпта 30% ЖРВИ тіркелсе, оқу онлайн форматқа ауыстырылады - министрлік

«Пандемия кезінде қалыптасқан жағдай бойынша қазір білім беру ошақтарында қашықтан оқыту (онлайн) мүмкіндігі қарастырылған. Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің талабына сәйкес, бір сынып оқушыларының 20-30 пайызы ЖРВИ-мен ауырған жағдайда қашықтан оқыту жүйесіне көшіру ұсынылады. Ал, бір сыныпта ЖРВИ-мен сырқаттанушылардың үлесі 30%-дан асқан жағдайда оқу онлайн-форматқа ауыстырылады», - деді Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін елімізде 1,8 млн адамға тұмауға қарсы вакцина егілгені туралы хабарлаған едік, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалардың саны – 392 076.