Бір тәулік ішінде 7 адамның ажалы судан болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бір тәулік ішінде 7 адамның ажалы судан болды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ.
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Лобаново ауылында балық аулау кезінде 1986 жылғы ер адам суға батып кеткен. Мәйіт ҚР ТЖМ Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД судан құтқару қызметінің (4 адам, 1 техника) судан шығарылды.
Ал Жамбыл облысы Тараз қаласында «Базарбай» каналына суға шомылу кезінде 1994 жылғы екі жігіт суға батып кетті. ҚР ТЖМ Жамбыл облысы ТЖД судан құтқару қызметінің көмегімен (10 адам мен 2 техника) 1 жігіттің мәйіті табылды. Тағы бір жігіттің денесі іздестірілуде.
Сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында Қарашық өзеніне шомылу кезінде 2001 жылғы жасөспірім суға кетті.
Сонымен қатар Алматы облысында да үш адамның ажалы судан болды: Алматы облысының Талдықорған қаласында Еңбек ауылында Қаратал өзеніне кеше суға түсу кезінде 1998 жылы туған қыз суға батып кетті. Алматы облысының Қарасай ауданы Мерей кентінде «Октябрьская №2» су қоймасына суға түсу кезінде 1996 жылы туған азамат суға кеткен. Алматы облысының Іле ауданы Казцик кентінде «Локатор» көліне суға түсу кезінде кеше 1985 жылы туған азамат батып кетті. Оның мәйіті судан ҚР ТЖМ Алматы қаласының ТЖД суда құтқару қызметінің күшімен шығарылды.