Бір тәулік ішінде 72 мың адам коронавирус жұқтырды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 13 cәуірдегі жағдай бойынша дүниежүзінде коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 855 830 (тәулігіне +72 955) адам тіркелген. Бұл туралы ҚазАқпарат Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабына сілтеме жасап хабарлайды.
Қайтыс болғандар —114 244 (+5 418) адам,
Жазылып шыққандар — 424836 (+27 841) адам.