Бір тәулік ішінде Facebook-ке кіргендердің саны бір миллиардқа жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - 24 тамызда Facebook әлеуметтік желісіне кіргендердің саны алғаш рет бір миллиард адамды құрады. Бұл туралы 28 тамызда әлеуметтік желіні құрушы Марк Цукерберг өз парақшасында жазды.

Бір тәулік ішінде Facebook-ке кіргендердің саны бір миллиардқа жетті

«Дүйсенбі күні Жердің жеті тұрғынының біреуі достарымен және отбасы мүшелерімен байланысқа шығуы үшін Facebook-ті пайдаланды», - деп жазды Цукерберг.

2013 жылдың тамызында Цукерберг Internet.org қорын іске қосты, оған сонымен қатар Ericsson, Nokia, Samsung, Opera Software, Qualcomm және өзге де бірқатар компания кіреді. Оның негізгі мақсаты - бүкіл әлем бойынша бес миллиард адамға интернетке деген қолжетімділікті тегін ету.