Бір тәулік ішінде iPhone 5-ке тапсырыс берушілер саны 2 млн.-нан асты
АСТАНА. 18 қыркүйек. ҚазАқпарат - Apple компаниясының «iPhone 5» смартфонына алдын ала тапсырыс беру алғашқы 24 сағатта 2 млн.-нан асып жығылған. Бұл туралы РБК хабарлайды.
Apple компаниясы бұл бұрын-соңды болмаған көрсеткіш екенін айтып отыр. Бұған дейін шығарылған iPhone 4S сматрфонына бір тәулік ішінде 1 млн.-ға жуық адам тапсырыс беріпті, яғни жаңа өнімге деген сұраныс екі есе көп болып отыр.
iPhone 5-ке осы жылдың 14 қыркүйегінен бастап алдын ала тапсырыс қабылдана бастады. Гаджет АҚШ-та 21 қыркүйекте сатылымға шығарылады, бір аптадан соң тағы 22 елде сатыла бастайды. 16 гигабайт жады бар модельдің құны 199 доллар, 32 гигабайттық - 299 доллар, ал 64 гигабайттық модель 399 доллар тұратын болады.