14:45, 04 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Бір тәулік ішінде Қазақстанның көші-қон заңдылығын бұзған 28 адам ұсталды - Шекара қызметі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен тәулік ішінде мемлекеттік шекарамыздың әртүрлі бөлігінде еліміздің көші-қон заңдылығын бұзған 28 адам ұсталды, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен.
Олардың барлығының құжатында көші-қон полициясының тіркеуі жоқ болып шықты. Кейбір азаматтардың біздің елімізде заңсыз жүргендеріне бір айдан асып кеткен. Атап айтқанда, Сарыағаш шекара отрядына қарасты «Қапланбек - авто» бақылау-өткізу бекетінің шекарашылары (қазақ-өзбек шекарасы) 3-ші желтоқсан күні 16 сағат шамасында жүргізген рейд барысында Өзбекстандық 3 азаматты ұстады, олардың біздің елімізде заңсыз жүргендеріне 35 тәулік болған. Ұсталғандар негізінен Өзбекстан және Ресей азаматтары, барлығы ҚР Әкімшілік-құқықбұзушылық Кодексінің 517-бабына сәйкес әкімшілік жазаға тартылды.