Бір тәулікте 27 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сoronavirus2020.kz сайты 2020 жылғы 28 желтоқсанда тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпаратты жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бір тәулікте 27 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 27 жағдайы тіркелді. Оған қоса 54 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 45442, 490 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 32830 жетті.