Бір тәулікте «Астана Таңдауы» байқауы үздігіне 1000-ға тарта адам дауыс берді

АСТАНА. 11 маусым. ҚазАқпарат - Үздік мамандық иелерін таңдау Астанада екінші жыл қатарынан өтуде. «Астана Таңдауы» байқауы үздік мұғалімді, дәрігерді, учаскелік инспектор мен құрылысшыны,

Бір тәулікте «Астана Таңдауы» байқауы үздігіне 1000-ға тарта адам дауыс берді

жолшы мен қоғамдық көлік жүргізушісін және энергетикті таңдайтындығымен қала тұрғындарының жүрегіне жол тапты.

«Өтінімдер қабылдау 1 наурыздан басталды. Осы уақыт аралығында 7 аталым бойынша 170 өтінім берілді. Ал дауыс беру елорда әкімдігінің www.astana.kz ресми интернет ресурсында 10 маусымнан басталды. Ол 25 маусымға дейін жалғасады.

Алғашқы тәулікте www.astana.kz сайтына 956 адам дауыс берді. Олардың 95 пайызы - тұрақты тұтынушылар, - деп хабарлайды astana.kz сайтына Астананың 15 жылдығын әзірлеу мен өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің медиа тобынан.

Биылғы жылғы байқаудың бір ерекшелігі - жиналған дауыстарды компьютерлік бағдарлама санап шығарады. Сонымен қатар, аталымға үміткерлердің арасынан тек бір адамға ғана дауыс беру мүмкіндігі бар.

Еске салайық, «Астана Таңдауы» байқауының жеңімпаздары халықтың ықыласынан өзге, Астана қаласы әкімінің кубогы мен алғыс хатына ие болады. Сондай-ақ, 7 жеңімпазға Астана қаласының 15 жылдық мерейтойына арналған үздік концерттердің билеті табысталады.