Бір тәулікте астана жолдарында 181 жол-көлік оқиғасы тіркелді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Астана қаласының полиция департаменті күн райына байланысты жолдағы қозғалыс қауіпсіздігіне сақ болуды ескертеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бір тәулікте астана жолдарында 181 жол-көлік оқиғасы тіркелді

Тек кейінгі бір тәулікте шамамен 181 материалдық шығын келтірілген жол-көлік оқиғасы тіркелген.

Жолды кесіп өтуде ережені сақтамаған 11 жаяу жүргіншіні көлік қағып, олар жарақаттанды.

Жыл басынан бері жол-көлік оқиғаларынан 3 адам қаза тауып, 39 адам түрлі дәрежеде жарақат алды.

Елордалық полицейлер 16 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзудың жолын кесті, 213 мас жүргізуші ұсталды, 1 600-ден астам жаяу жүргіншіге айыппұл салынды.

Мемлекеттік нөмірлері жалған 13 жүргізуші және мемлекеттік нөмірлері жоқ көлікті басқарғаны үшін 86 жүргізуші ұсталды.