Бір тәулікте ел аумағында суға кеткен 4 адамның мүрдесі табылды

АСТАНА. 8 шілде. ҚазАқпарат - Бір тәулікте ел аумағында суға кеткен 4 адамның мүрдесі табылды, тағы біреуі іздестірілуде,

Бір тәулікте ел аумағында суға кеткен 4 адамның мүрдесі табылды

деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Ақмола облысының Астрахан ауданында Колутон өзеніне шомылған 60 жастағы азамат суға кетті.  Жезқазған қаласында Кеңгір су қоймасына түскен 40 жастағы азамат батып кетті. Сонымен қатар Қостанай облысының Таранов ауданында Тобылға шомылған 42 жастағы әйел тұншығып өлді. Ал Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданында  Достық арнасына 14 жастағы жеткіншек батып кетті. Аталған адамдардың барлығының мүрдесін ҚР ТЖМ мамандары судан алып шықты.

Тағы бір қайғылы оқиға Қызылорда облысында орын алып, 43 жастағы әйел Сырдария өзеніне батты.  Оның мүрдесін ҚР ТЖМ мамандары іздестіруде.