Бір тәулікте коронавирустық пневмония 181 адамнан анықталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен бір тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 181 жағдайы тіркелді. ҚазАқпарат бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Сондай-ақ 15 желтоқсанда коронавирустық пневмониядан 158 адам жазылып шыққан.
1 тамыздан бастап барлығы 44 155 адам ауырған, 466 өлім жағдайы тіркелді, жазылып шыққандар саны – 31767.