Бір тәулікте коронавирустық пневмонияның 163 жағдайы тіркелді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 24 қазан күнгі бір тәулікте елімізде коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 163 жағдайы тіркелді. Оған қоса 18 адам емделіп шықты. ҚазАқпарат бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бір тәулікте коронавирустық пневмонияның 163 жағдайы тіркелді

1 тамыз – 24 қазан аралығында коронавирустық пневмония 36 895 адамнан анықталды, 393 өлім жағдайы тіркелді, жазылып шыққандардың саны – 28 460.