Бір тәулікте пневмония бойынша 231 жағдай тіркелді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 231 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Бір тәулікте пневмония бойынша 231 жағдай тіркелді

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 231 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 109 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 31991, 347 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 26914 жетті.