Бір тәулікте пневмонияның 226 жағдайы тіркеліп, 2 адам көз жұмды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 226 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Бұл туралы ҚазАқпарат www.coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Оған қоса 71 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 40149, 418 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 29556 жетті.