12:46, 12 Тамыз 2021 | GMT +5
Бір тәулікте жеті мыңға жуық алматылық вакцина салдырды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 6 809 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«11 тамыз күні 6 809 алматылық вакцина салдырды. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 11 тамыз аралығында қалада барлығы 794 303 адам вакцина салдырды. Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер үлесі - 106 390 « деп хабарлады басқармадан.
Қалада 160 пункт жұмыс істеп тұр. 1 028 адамнан тұратын 237 егу бригадасы бар.
Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылған.
«Қазір медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді» - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.