Бір тәуліктің ішінде шекарашылар 67 шетелдік азаматты ұстады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен тәулік ішінде қазақстандық шекарашылар мемлекеттік шекараның әртүрлі бөлігінде көші-қон заңдылығын бұзған 67 азаматты ұстады, деп хабарлайды ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, осы жылдың 11 желтоқсаны күні 15 сағат 30 минут шамасында Сарыағаш шекара отрядының шекарашылары рейд барысында «Қапланбек - авто» бақылау-өткізу бекетінің маңайында заңсыз жүрген Өзбекстан Республикасының 42 азаматын ұстады. Құжаттарын тексеру барысында олардың біздің елімізден шығу мерзімінің 30 тәуліктен 150 тәулікке дейін созылып кеткендігі анықталды.
Көші-қон заңдылығын бұзған басқа азаматтар «Алматы», «Қорғас», «Атырау-авиа», «Құрманғазы-авто», «Жібек жолы - авто», «Жайсаң - авто», «Жаңажол-авто», «Бейнеу-авто» бақылау-өткізу бекеттерінде қолға түсті. Ұсталғандардың арасында ҚХР, Түркия, Қырғызстан, Тәжікстан елінің азаматтары кездеседі.
ҚР Әкімшілік-құқықбұзушылық кодексінің 517-бабына сәйкес ұсталғандардың барлығы әкімшілік жазаға тартылды.