Бір топ депутат Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қоғамдық бірлік» алтын медалімен марапатталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінде «Қазақстан халқы Ассамблеясы» депутаттық тобының отырысы барысында бір топ депутат Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қоғамдық бірлік» алтын медалімен марапатталды.
None
None

«Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі мерекесін тойлау және Ассамблеяның ХХІ сессиясы аясында тәуелсіздікті, ел бірлігін нығайтуға, мәдениетаралық диалогты дамытуға және қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуге елеулі үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қоғамдық бірлік» алтын медалімен марапатталды. Атап айтқанда, мұндай награда депутат Мұрат Ахмадиев, Егор Каппель, Виктор Киянский, Ахмет Мұрадовтарға табыс етілді.

Сонымен қатар, қайырымдылықты, рухани бірлікті, достық пен этносаралық ынтымақтастықты нығайтудың гуманистік мұраттарына қосқан белсенді еңбегі үшін Надежда Нестереваға, Зухра Саяповаға, Абай Тасболатовқа, Юрий Тимощенкоға Қазақстан халқы Ассамблеясының алғысы мен ризашылығы білдірілді.

«Елдіктен асқан құнды жоқ. Ал тәуелсіздіктің нығаюы, халқымыздың әл-ауқатының артуы бірліктен бастау алады. Осы бағытта Мәжіліс депутаттары үлкен жүк көтеріп келеді. Осы ретте 2015 жылды Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жариялап отыр. Бұл да Елбасының құрақтылық мәселесіне, қоғамдық келісімге деген ерекше ықыласы», - деді Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі, Ассамблея Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов

Соңғы жаңалықтар