Бір топ қайраткер Мұқағали атындағы сыйлықтың иегері атанды

АЛМАТЫ. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – 9 ақпан - қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күні. Бұл күн қазірде «Мұқағали күні» болып қалыптасқан. Биылғы жылы да «Мұқағали мұрасы» продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен Алматыдағы Республика сарайында ақын шығармашылығына арналған дәстүрлі өнер кеші өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Мұқағали жырлары ? ұлттың асыл мұрасы. Өйткені ақын өлеңдері қазақ жастарын отаншылдыққа, ата-бабаларын сүюге, өзін-өзі тануға, намысты болып ержетуге тәрбиелейді. Осы бағытта ақын мұрасын насихаттауға атсалысқан бір топ азаматтар «Мұқағали мұрасы» продюсерлік орталығы және «Сауап» қайырымдылық қоры белгілеген «Мұқағали атындағы сыйлықтың иегері» жүлдесімен марапатталды. Оларға дипломдар мен төсбелгілер тапсырылды. Аталған сыйлыққа ие болғандар қатарында: ҚР Мәдениет және ақпарат министрі, ғалым Мұхтар Құл-Мұхаммед, Қазақ радиосының бас директоры, ақын Жүрсін Ерман, ақын Оразақын Асқар, Абай атындағы ұлттық педагогикалық университетінің профессоры Тоққожа Қожағұл, республикалық әдеби-мәдени, танымдық «Мұқағали» журналының шығармашылық ұжымы бар.Осы шараның бес жылдығына орай кештің ұйымдастырушы тобына Қазақстан Республикасы Ақпарат және мәдениет министрлігінің «Мәдениет қайраткері» төсбелгісі берілді. Соның ішінде актер, продюсер Отаралы Көкжан, дыбыс режиссері Мұрат Смағұлов және әнші Жанна Хамзина марапатқа ие болды.
Соңғы жаңалықтар