Бір топ қазақстандық оқушы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбек жолы бойынша саяхатқа аттанды

АСТАНА. 13 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған іс-шаралар аясында
None
None

бір топ қазақстандық  мектеп оқушысы  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбек жолы бойынша саяхатқа аттанды. Бұл жайында елорданың ресми сайты хабарлап отыр.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінен  хабарлағанындай, мұндай экскурсия  республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы мен  жүлдегер оқушыларына сыйлық ретінде жасалып отыр.

Экспедиция бағдары Нұрсұлтан Назарбаев  туып-өскен Алматы облысынан басталады. Шамалған ауылында балалар Фурманов атындағы мектепте болып,  Президенттің сәбилік шағы өткен Үшқоңыр шатқалына барады. Қаскелеңде оқушылар Қазақстанның Тұңғыш Президенті үздік бітірген Абай атындағы мектепті көреді.   Одан әрі сапар Украинаның Днепродзержинск қаласында жалғасады. Олар онда  Елбасы оқыған, жұмыс істеген жоғары кәсіптік  училище, лицей, металлургиялық комбинатты аралап, Қазақстан Президентіне қойылған ескерткішті көреді. 

Сондай-ақ,  оқушыларға  Мемлекет басшысы еңбек еткен жер - Қарағанды металлургия комбинаты көрсетіледі. Бұл қызықты сапар Қазақстанның бас қаласы -  Астанада аяқталады.

Соңғы жаңалықтар