Бір топ контрабандашылар 6 тоннаға жуық тауықтың сан етін алып өтпекші болған

АСТАНА. Қазанның 22-сі. ҚазАқпарат - Қазақстандық және қырғызстандық бес контрабандашы 6 тоннаға жуық тауықтың сан етін алып өтпекші болған,

Бір топ контрабандашылар 6 тоннаға жуық тауықтың сан етін алып өтпекші болған

деп хабарлайды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

«Оңтүстік» аймақтық басқармасы «Гродиково» заставасының шекарашылары сәрсенбі күні Қырғызстаннан Қазақстанға кетіп бара жатқан екі қырғызстандық және үш қазақстандық азаматты ұстады. Олар шекараны заңсыз кесіп өткен. Контрабандашылар екі жүк мәшинесімен 6 тоннаға жуық тауықтың сан етін алып өтпекші болған.

Ұсталғандар Жамбыл облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің қызметкерлеріне тапсырылды.