Бір түнде Астанадан 13 мың текше метрден астам қар шығарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 23-24 желтоқсанға қараған түні елордадан 13 374 текше метр қар шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бір түнде Астанадан 13 мың текше метрден астам қар шығарылды

Астана әкімдігінің мәлоіметінше, жауын-шашынның көп түсуіне байланысты қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

«Бүгінгі таңда елорда бойынша қар тазалау жұмыстарына 2,3 мыңнан астам жол жұмысшылары мен мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.

23-24 желтоқсанға қараған түні қаладан полигондарға 13 мың текше метрден астам қар немесе 1 086 жүк көлігі шығарылды», - деп жазды ведомстводан.

Қыс мезгілінің басынан бастап коммуналдық қызметтер қаладан 67 мыңнан астам жүк көлігін - 819 мың текше метрден астам қарды шығарды.