Бір үйге 1123 адам тіркелген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Новосібір облысы бойынша федералды көші-қон басқармасының қызметкерлері осы өңірдің Дзержинск ауданында 1123 адам жалған тіркелген бір қабатты жеке сектордағы тұрғын үйді анықтады, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Бір үйге 1123 адам тіркелген

Бұл туралы бейсенбі күні ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлады. Сондай-ақ олар мұндай мекен-жайда Ресей азаматтарымен қатар көші-қон тіркеуінде тұрған шетелдіктер де тіркелуі мүмкін екенін жоққа шығармай отыр.

Новосібір облысында 5 мыңнан астам адам жалған тіркелген 40-тан астам мекен-жай анықталды.