Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Бір жастағы барабаншы Facebook пайдаланушыларын таңғалдырды (ВИДЕО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Facebook-те Ти Джей есімді бір жасар балдырғанның ұрмалы аспапта ойнвыпа отырғаны туралы ролик пайда болды. Балғын музыкантты бір аптаның ішінде миллионнан астам адам қараған. Пайдаланушылар түсіндірмелерінде баланы «әлемдегі ең сүйкімді бараншы» деп атады, деп хабарлады Lenta.ru.

Бір жастағы барабаншы Facebook пайдаланушыларын таңғалдырды (ВИДЕО)

Баланың әкесі Джастин Уилсон Today басылымына Ти Джей барабанда төрт айлығы кезінен ойнай бастағанын айтқан. «Ол әуенді келтіру үшін аяғымен теуіп, тактіге қолдарын шапалақтады, сондықтан мен оған ұрмалы қондырғы сатып әпердім», деп әңгімеледі. Сондай-ақ Уилсон, өзі де, әйелі де музыкалық білімдері болғанымен барабанда ойнау білмейтінін атап өтті. Сондықтан да бұл баланың туабітті дарыны болар, деп шамалайды.

Маусым айының соңында әртіс баланың  бейсбол матчы трансляциясы кезінде мінберден қарап отырғаны ESPN спорт арнасының кадрлеріне түсіп қалған. Екі күнде ол қатысқан бұл бейнежазба Facebook желісінде 25 миллион көрілім жинаған.