Бір жыл бойы хабарсыз кеткен Қарақалпақстан азаматы Алматы облысынан табылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының полицейлері бір жыл бойы іздеуде жүрген шетелдікті іздеп тапты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бір жыл бойы хабарсыз кеткен Қарақалпақстан азаматы Алматы облысынан табылды

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыстық іздестіру тобының жедел уәкілдері Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасының Көші-қон қызметкерлерімен бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Рахат ауылының 29 жастағы тұрғынының бір жылдан астам уақыт бойы хабар-ошарсыз кеткен адам ретінде мемлекетаралық іздеуде жүргенін анықтады.

Ер адамды Қарақалпақстанда тұратын ата-анасы іздеп жатқаны белгілі болды. Іздеу жарияланған азамат туралы, оның нақты тұрғылықты мекенжайы мен уақытша тіркеуі жайлы мәлімет іздеп жатқан органға жолданды.