Бір жыл бұрын ел тізгінін қолға алу мәртебесі бұйырды — Қасым-Жомарт Тоқаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бір жыл бұрын Нұрсұлтан Назарбаевтан ел тізгінін қолға алу мәртебесі бұйырғанын еске алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бір жыл бұрын ел тізгінін қолға алу мәртебесі бұйырды — Қасым-Жомарт Тоқаев

«Бір жыл бұрын аса көрнекті мемлекет қайраткері, жаһандық деңгейдегі саясаткер Н.Назарбаевтан ел тізгінін қолға алу мәртебесі бұйырды. Мемлекетіміздің негізін қалаушы — Елбасы стратегиясы сабақтастығын жүзеге асыру үшін көп жұмыс атқарылды. Елімізді жаңғырту реформалары жалғасын табады» деп жазды Мемлекет басшысы Twitter -дегі парақшасында.