Бір жыл бұрын ұрланған кәсіпкер мен әнші қыздың мәйіті табылды

АСТАНА. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қаңтардың 7-сі күні Алматы қаласындағы жеке үйлердің бірінің ауласынан қарағандылық кәсіпкер Юрий Бармин мен Теміртау қаласының тұрғыны, әнші әрі модель Анна Шейдердің мәйіттері табылды.
None
None
Бұл туралы бүгін журналистермен болған апталық брифингте Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Бағдат Қожахметов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның айтуынша, өткен жылы аталған азаматтардың жоғалып кеткендігі жөнінде туыстары полицияға арызданған. Сол кезден бастап, ішкі істер органдарында қылмыстық іс қозғалып, министрлік тарапынан арнайы тергеу тобы құрылған. Қылмыскерлерді іздестіру барысында Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық полиция комитетінің Оңтүстік аудандық ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері алматылық әріптестерімен бірлесе отырып осы қылмысқа қатысты деген айыппен 4 азаматтан құрылған қылмыстық топ өкілдерін құрықтаған. «Тергеу барысында қылмыстық топ олардың қолынан мерт болған азаматтың ұлынан 500 мың АҚШ доллары мен 100 миллион теңге ақша алғаны анықталды. Ал кәсіпкер мен әнші қызды өлтірген соң қанішерлер олардың мәйіттерін қаладағы үйлердің бірінің ауласына апарып көмген. Қаңтардың 7-сі күні қылмыстық топ өкілдері мәйіттерді қайда көмгендерін көрсетіп, қазір осы іс бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде», деді департамент бастығы.
Соңғы жаңалықтар