Бір жыл ішінде Қазақстан шекарасынан еш қиындықсыз 15 рет өткен шетелдік анықталды

ТАНА. 1 қыркүйек. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бас прокуратура бүгін журналистерді еліміздің шекарасынан еш қиындықсыз өтіп жүрген шетелдіктердің ісіне қатысты шығарылған бірқатар сот шешімдерімен таныстырды.

Бір жыл ішінде Қазақстан шекарасынан еш қиындықсыз  15 рет өткен шетелдік анықталды

Бас прокуратураның ресми өкілі Жандос Өміралиевтің мәліметтерінше,

Қырғызстанның Қошқаров есімді азаматы 2010 жылы сот шешімімен елден шығарылғанына қарамастан, биылғы жылы Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан 15 рет өткен.

Сондай-ақ Ж.Өміралиевтің мәліметтерінше, еліміздің көптеген аймақтарында көшіп-қонушыларға қатысты тиісті әкімшілік жазаларды қолданбау әрекеттері анықталған. Мысалы, биылғы жылдың бірінші тоқсанында Петропавл қаласының әкімшілік соты материалдардың жеткіліксіздігінен ішкі істер органдарына 3 істі кері қайтаруға мәжбүр болған. Осыған қарай полиция қызметкерлері істі тоқтату жөнінде қаулы шығарған. Ал шетелдіктер осы мүмкіндікті пайдаланып, қашып кеткен. Осындай жағдай Батыс Қазақстан облысында да орын алды. Онда осы аймақтың тәртіп сақшылары Өзбекстанның 9 азаматына қатысты әкімшілік істі сотқа жолдаған, сот полиция қызметкерлеріне материалдарды толықтырып әкелуді тапсырған. Ал полиция қызметкерлері заң бұзған шетелдіктердің құжаттарын өздеріне қайтарып, оларды еріктеріне жіберген.