Бір жылда 25 мыңнан астам заңбұзушылық анықталды - БҚО прокуратурасы

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында 2015 жылы 25 мыңнан астам заңбұзушылық анықталды.

Бір жылда 25 мыңнан астам заңбұзушылық анықталды - БҚО прокуратурасы

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оларды жою мақсатында 1,5 мыңнан астам прокурорлық қадағалау актілері енгізілді. 48 қылмыстық құқықбұзушылық бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Прокурорлық ықпал ету шараларымен 1158 заңсыз акті, соның ішінде 8 нормативтік-құқықтық акті бұзылды немесе өзгертілді. 44 мыңнан астам адамның конституциялық құқығы қорғалды. 3 мыңнан астам адам тәртіптік, материалдық және әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мемлекеттік бюджеттің 10 млрд астам теңгеге толықтырылуы қамтамасыз етілді. 850 млн астам теңгенің мүлкі мемлекетке қайтарылды.

Жыл ішінде 1183 қызметкерге 168 млн теңге және сотталған 85 адамға 814 мыңнан астам берешек өтелді.

Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылыққа барғаны үшін 96 адам, соның ішінде 45 басшы тәртіптік, оған қоса екі адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

45 кәсіпкердің құқығы қорғалса, соның ішінде 10-ы жедел топтардың көмегін пайдаланды.

Сонымен қатар 29 мыңнан астам жасөспірімнің құқығы қорғалып, олардың құқығын бұзғаны үшін 457 адам тәртіптік, 177-сі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 9 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.