Бір жылда Қытайда табиғат апаттарынан 90 мыңға жуық адам опат болды

БЕЙЖІҢ. Ақпанның 6-сы. ҚазАқпарат – Қытайда өткен 2008 жылы табиғат апаттарының салдарынан 88 мың 928 адам опат болды немесе із-түзсіз жоғалып кетті.
None
None
Ал елге келген тікелей экономикалық шығын, 2007 жылмен салыстырғанда, 473 пайызға өсіп, 198 миллиард доллар сомаға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап.2008 жылы орын алған ең үлкен табиғат апаты - мамырдың 12-сінде Сычуань провинциясында болған зілзала. Жерасты дүмпулерінің салдарынан 69 мыңнан астам адам қаза болып, 374 мың адам жараланды, миллиондаған адам баспанасыз қалды, 18 мың адам әлі күнге дейін із-түзсіздер санатында.
Соңғы жаңалықтар