Бір жылда сұлулық қызметтері 17% өскен: Ең қымбат шаштараз Астанада - 4166 теңге

АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында шаштараздар мен сұлулық салондары 24,4 млрд теңгеге қызмет көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бір жылда сұлулық қызметтері 17% өскен: Ең қымбат шаштараз Астанада - 4166 теңге

Ұлттық статбюро мәліметіне қарағанда, сұлулық қызметін көрсетушілердің бағасы жылдық мәнде (2021 жылдың қараша айымен салыстырғанда) 17%-ға өсті.

Қараша айында Қазақстанда әйелдердің шаш қию қызметінің орташа бағасы 2 744 теңгені құрады.

Өңірлер арасында бұл қызмет астаналық ханымдар үшін қымбатқа шығады екен – 4 166 теңге, ең арзаны Семейде – 1 714 теңге.

Қалған қалаларда әйелдердің шашын қию қызметінің бағасы 2 мыңнан 3 мың теңгеге дейін барады.

Елімізде ерлердің шаш қию қызметінің орташа бағасы әйелдерге қарағанда сәл арзан – 2 037 теңге.

Ер азаматтардың шашын алу бағасы Алматыда ең қымбат – 2979 теңге, арзаны Қызылордада – 1355 теңге.

Басқа қалалардағы баға диапазоны - 1400-ден 2500 теңгеге дейін.