08:52, 11 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Бірегей қызыл түсті гауһар 2,1 млн. долларға сатылды
АСТАНА. 11 желтоқсан. ҚазАқпарат - Нью-Йорктегі Christie's аукцион (бәссауда) үйі 3 каратты қызыл түсті бірегей гауһарды 2,1 млн. долларға сатты,

деп хабарлады Ресей жаңалықтар агенттігі.
Бұл бәссаудаға түсіп, қомақты сомаға сатылған таза қызыл-сарғылт түстес ең үлкен гауһар. Аса бағалы тастың құны 700 мың - 1,2 млн. долларды құрады. Айта кеткен жөн, қызыл түс ең сирек кездесетін алмаз болып табылады.
Әлемде салмағы 5 караттан артық 3 қызыл түсті гауһардың бары белгілі. Олардың бірі 5,03 каратты гауһар тас Вашингтондағы Смитсонов жаратылыстану тарихының мұражайында сақталған.