#Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясына 2500 атыраулық қатысты
АТЫРАУ.ҚазАқпарат- Атырауда Жайық өзенінің жағалауын санитарлық тазарту бойынша кезекті акция өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің
хабарлауынша, 3 тамызда Атырауда #birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясының
кезекті сенбілігі өтті. Сенбілікке
121 ұйымнан 2500-ге жуық қала тұрғыны қатысты.
«Экологиялық акцияға қатысушылар барлығы 38 тонна қоқыс жинады.
Санитарлық тазалық жұмыстарына 38 арнайы техника жұмылдырылды - 23 КамАЗ,
4 автобус, 1 қайық, 2 тиегіш, 5 трактор және 1 манипулятор. Акция алдағы
айларда тағы да жалғасын табады», - дейді Атырау қаласы әкімінің
орынбасары Шәкір Кейкин.
Айта кетейік, #birge #TazaQazaqstan науқанының екі кезеңінде Жайық өзенінің
жағасынан 60 тоннаға жуық қоқыс жиналды.