Біріккен Араб Әмірліктері 5 млрд доллар қаржыны ізгілікті көмекке жұмсаған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемдегі ең қайырымды мемлекет атағына былтырғы жылғы көрсеткіштер бойынша Біріккен Араб Әмірліктері ие болды.

 Біріккен Араб Әмірліктері 5 млрд доллар қаржыны ізгілікті көмекке жұмсаған

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының қорытынды есебі бойынша БАӘ өзге мемлекеттердің дамуы жолында көрсеткен ізгілікті көмек көлемі бойынша бірінші орынға шығып отыр.

Айта кетер жайт, бұл есеп 2014 жылғы мәліметтерді қоса қарастырған. Осы уақыт аралығында БАӘ аталмыш бағыт бойынша 5 млрд доллар қаржыны гуманитарлық көмекке жұмсаған.
Еске сала кетсек, бұл атаққа БАӘ осымен екінші рет ие болып отыр, деп жазады muslim.kz.