Біріккен Араб Әмірліктері COVID-19 жұқтырғандарды анықтау үшін иттерді пайдалана бастады

НҰР- СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Біріккен Араб Әмірліктерінің полициясы коронавирус жұқтырған адамдарды анықтау үшін иттерді пайдалана бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Al Arabiya телеарнасына сілтеме жасап.

Біріккен Араб Әмірліктері COVID-19 жұқтырғандарды анықтау үшін иттерді пайдалана бастады

Белгілі болғандай, полицейлер өткізген бірнеше сынақ кезінде иісшіл иттер корнавирус жұқтырған адамдарды дәл анықтаған.

«COVID-19 індетін анықтау оқиғалары (иттермен) 92 пайызды көрсетті»,- делінген ведомоство мәлімдемесінде.

Тест екі апта бойы бірнеше аурухана аумағында жүргізілген.

Телерананың атап өтуінше, әбден машықтанған иттер көшелердегі, сондай-ақ вокзал және әуежай секілді адамдар топтасқан орындарда патрульдеу кезінде індет жұқтырғандарды анықтай алады.