Біріккен Араб Әмірліктерінде ақпараттық коммуникация технологияларының ең ірі көрмесі өз жұмысын бастады

АСТАНА. 15 қазан. ҚазАқпарат - Осы  жылы  көрермен  назарына ұсынылған технологиялық жаңалықтар 12 тақырыптық секторға бөлінген. Негізгі тақырыптар - ақпараттық  қауіпсіздік, бағдарламалық қамту, мобильдік қосымшалар, цифрлық  маркетинг  және  электрондық  үкімет.
None
None

ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің мәліметінше, әлемге  танымал  АКТ- брендтерінің  80%-дан  астамы  аталған  көрмеде  өз өнімдерін көпшілік назарына  ұсынады.  77 елден келген  мемлекеттік  органдар  басшылары,  АКТ-қауымдастықтар, технологиялық және бизнес-компаниялар соңғы технологиялық шешімдермен танысып, ақпараттық коммуникация саласындағы жаңа тенденцияларды талқыға салады.

Халықаралық электробайланыс  одағының (ITU) шақыртуымен  аталған  шараға Қазақстан  да  қатысып,  электрондық үкіметті құрудағы жетістіктерімен бөлісетін болады. Атап айтқанда, «egov.kz» порталы, «электрондық лицензиялау», «Е-нотариат» және  «ХҚКО» жобалары  көрмеге қатысушылар назарына ұсынылады.

Аталған шара барысында Көлік және коммуникация вице-министрі Сәкен Сарсенов басшылық ететін қазақстандық делегация «Қазақстан Республикасында ақпараттық қоғамдастықты құру және электрондық үкіметті дамыту: тәжірибе мен жетістіктер» тақырыбында өлкелік семинар өткізеді.

Айта кетейік, GITEX  көрмесінің толық атауы - Gulf Information Technology Exhibition. GITEX Technology Week - Парсы шығанағы  өңірінің ақпараттық технологиялар аптасы, яғни  ақпараттық коммуникациялық технологиялар (АКТ) және электроника саласындағы соңғы жетістіктер бойынша  беделі  жоғары  көрме  болып табылады.  Аталған көрме 1981 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп отырады. 2011 жылы GITEX TECHNOLOGY WEEK көрмесіне қойылған эскпозициялардың  аумағы 65 000 шаршы метрге созылды.

Көрмеге дәстүрлі түрде бағдарламалық қамтуларды өндірушілер, желілік және телекоммуникация жабдықтарын әзірлеушілер, байланыс қызметін ұсынушылар, IT саласындағы ірі қаржы және мемлекеттік мекеме өкілдері мен провайдерлер, мамандар қатысады.

Соңғы жаңалықтар