Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті шейх Халифа бен Заид Әл- Нахайян ел басшылығына қайта сайланды

АСТАНА.  Қарашаның  4-і. ҚазАқпарат - Біріккен  Араб  Әмірліктерінің   Жоғары кеңесі     шейх   Халифа бен Заид Әл- Нахайянды  мемлекет басшысы   лауазымына    қайта сайлау  туралы     шешім қабылдады.

Біріккен  Араб Әмірліктерінің  президенті  шейх Халифа бен Заид Әл- Нахайян  ел басшылығына   қайта сайланды

Сейсенбі күні әмірліктің ақпараттық  агенттігі  хабарлағандай,     елдің    мемлекеттік  білігінің  жоғары органы - 7  әмірліктің  билеушілерінен  тұратын  Жоғары кеңес     президентке  сенімдерін  қуаттады  және    әмірлік Конституциясының баптарына сәйкес  оның  өкілеттігін  тағы 5 жылға ұзартты.