«Біріккен көліктік-логистикалық компанияның» жаңа басшысы сайланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Мәскеуде «Ресей темір жолы» ААҚ президенті Олег Белозёров, «Қазақстан Темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин және «Беларусь темір жолы» Мемлекеттік ұйымының басшысы Владимир Морозов үшжақты кездесуі өткізді.

Онда «Біріккен көліктік-логистикалық компания» АҚ аясындағы бірлескен жұмыс талқыланды. Тараптар компанияның 2015 жылғы жұмысының қорытындысын және ағымдағы жылдың басынан бері атқарылған шаруаларды талқылады.

Компаниялардың басшылары «Біріккен көліктік-логистикалық компания» АҚ операциялық моделінің негізгі принциптерін ортаға салды. Оның ішінде, Ресей, Қазақстан Республикасы және Беларусь темір жолдары шекаларалындағы жұмыстардың жүзеге асуы мен оны кеңейту мүмкіндігі бар.

«Жаңа модель контейнерлік тасымалдауларды дамытуға бағытталмақ. Бұл қазіргі экономикалық ахуалда транзиттік тасымалдаудан түсетін қосымша табысты алуға жол ашады», - деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин.

Бүгін, сонымен қатар, «Біріккен көліктік-логистикалық компания» АҚ акционерлерінің жиыны өтті.
Онда компанияның жаңа президенті болып бірауыздан Алексей Гром сайланды. Ол бұрын АҚ Бірінші вице-президенті қызметінде болған. Сондай-ақ, директорлар кеңесінің және компания басқармасының жаңа құрамы бекітілді.

Соңғы жаңалықтар