Біріккен Ұлттар Ұйымы: аш-жалаңаштарды тойындыруға 3 миллиард доллар жетпейді

ВАШИНГТОН.  Шілденің  31-і. ҚазАқпарат /Әлия Алтынғазина/ - БҰҰ-ның   Дүниежүзілік  азық-түлік    бағдарламасы         әлемнің 74    еліндегі  108  миллион  аш-жалаңашты    азық-түлікпен қамтамасыз  ету  жөніндегі  міндеттерді  шешуге кедергі  болып  отырған     қаржы   проблемасын      бастан кешіруде,

Біріккен  Ұлттар Ұйымы:    аш-жалаңаштарды  тойындыруға 3 миллиард доллар   жетпейді

деп   хабарлайды ҚазАқпарат.

Дүниежүзілік  азық-түлік    бағдарламасының   атқарушы директоры Жозетт  Ширан   ханым   Ақ үйдегі   кездесудің алдында   журналистерге,   ұйымның ағымдағы жылғы бюджет  дефициті  3  миллиард долларды   құрауы  мүмкін  екенін      мәлім етті.  Жоспарланған және  мақұлданған жұмыстардың ауқымы    6,7 миллиард доллар  қаржыны қажет етеді.   Ал     берілгелі  отырған  сома  3,7  миллиард доллар ғана.

Дүниежүзілік  азық-түлік    бағдарламасы             аш-жалаңаш  халықты азық-түлікпен қамтамасыз  ету  бағдарламасын    қысқартуға мәжбүр болып  отыр. Жозетт Ширан  жаһандық   азық-түлік қауіпсіздігіне   20 миллиард доллар бөлу  туралы «үлкен сегіздіктің»  уәдесіне қолдау білдірді,  бірақ     күннен-күнге   өсіп  отырған   төтенше  мұқтаждықтарға   назар  аударды.   Проблема  тек  ауыл шаруашылығын  дамытуда  ғана  емес,  адамдардың   азық-түлікке  қолжетімділігін қамтамасыз   етуде,  дейді ол.