Бірін-бірі білмеген бауырлардың табысуына жол апаты себеп болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясында орын алған жол-көлік оқиғасы бір әкеден туған, бір-бірінің барын білмеген ағалы-інілінің табысуына себеп болды, деп хабарлайды Newsru.com.

Бірін-бірі білмеген бауырлардың табысуына жол апаты себеп болды

Оқиға желісі бойынша, екі жүргізуші Эр-Рияд пен Мединаны байланыстырушы жолда қақтығысып, сол жерде дауласып қалады. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері екі жүргізушінің де құжаттарын тексере келіп, екеуінің ағалы-інілі екенін анықтайды. Оған сенбеген олар тура сол жерде әкесіне хабарласады. Әкесі кезінде шынымен басқа әйелге үйленгенін, сол некеден оның бір ұлы бар екенін растады. Оны естіген бауырлар бірін-бірі құшақтап, қайта көрісті.