14:09, 05 Мамыр 2011 | GMT +5
Бірінші дүниежүзілік әскери қимылдардың соңғы қатысушысы көз жұмды
АСТАНА. 5 мамыр. ҚазАқпарат - Бірінші дүниежүзілік әскери қимылдардың соңғы қатысушысы Клод Стэнли Чоулз 110 жасында өмірден озды, деп хабарлайды ВВС орыс қызметі.

Чоулз 15 жасынан британ королі флотында еңбек етіп, «Ревендж» кемесіне қызметке алынған.
1920-шы жылдары ардагер Австралияға жіберіледі, онда ол әскери қызметін жалғастырып, тек 1956 жылы босайды.
Клод Стэнли Чоулз өз өмірінің басым бөлігін өткізген Пертедегі қарттар үйінде қайтыс болды. Оның 80 жыл отасқан әйелі Этель осыдан үш жыл бұрын бақилық болған еді.
Чоулздің үш баласы және 11 немересі бар.