Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі әскери күнделіктер мұрағатын ғаламтордан табуға болады
АСТАНА. 14 қаңтар. ҚазАқпарат - Британ мұрағаты Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан сарбаздардың күнделіктері орналастырылған сайтты іске қосты.
Осы жылдың соңына дейін, онлайн-ресурста 1,5 млн бет жазбаны жариялау жоспарланып отыр. Құжаттардың көбін соғыс кезінде жауынгерлер өз қолдарымен жазған.
Мұрағат еріктілерді тарихшыларға хаттарды өңдеуге көмектесу үшін шақырған. Бұл шара жұртшылықтың майданда соғысқан жақындары мен туған-туыстары жайлы көбірек білуі үшін жасалып отыр. Онлайн-анықтамалықтың жариялануы Бірінші дүниежүзілік соғыстың жүз жылдығына орайластырылған, деп хабарлайды BBC орыс қызметі.