Бірінші дүниежүзілік соғыстан қалған снаряд жарылып, екі адам ажал құшты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бельгияның Ипр қаласында бірінші дүниежүзілік соғыстан қалған снарядтың жарылуынан екі адам қаза болып, тағы біреуі ауыр жараланды. РТБФ телеарнасының хабарлауынша, жарылыс үйдің іргетасын қалау жұмыстары кезінде орын алған, деп жазады ИТАР-ТАСС.
None
None

«Экскаватор шөміші абайсызда жердің астында жатқан жарылғыш затқа тиіп кетіп, содан ол жарылған», - деп хабарлады телеарна. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы фронт желісі Бельгияның Ипр қаласымен де өткен. Сол кезде жарылмай қалған қарулар Бельгияда ондаған жылдар бойы сақталып келеді. Алайда олардың көбісі істен шыққан.

Соңғы жаңалықтар