Бірінші рет әйел адам Словакияның Премьер-министрі болды, ол - профессор-социолог Ивета Радичова

АСТАНА. Шілденің 10-ы. ҚазАқпарат - Словакияда бірінші рет әйел адам Премьер-министр болды. Үкімет басшысы қызметіне Словакияның демократиялық және христиандық одағының жетекшісі, 53 жастағы профессор-социолог Ивета Радичова келді,
None
None

деп хабарлайды Deutsche Welle.
Елдің билік өкілдерінің айтуынша, бұған дейінгі Премьер-министр Роберт Фицо мен оның үкіметінің отставкаға кетуі жөніндегі процедуралары ресми қабылданысымен Словакия президенті Иван Гашпарович үкімет басшылығына бірден И.Радичованы тағайындады.

Жаңа премьер үкімет мүшелерін жақын күндерде тағайындайды деп күтілуде. Оның құрамына Христиан-демократиялық қозғалыстың, сондай-ақ таяуда құрылған оңшыллибералдық «Азаттық және ынтымақтастық» партиясының және словакия мен венгр халқының бірлігін нығайтуға бағытталған «Мост-Хид» партиясының өкілдері кіреді.

Р.Фицоның отставкаға кетуі оның таяудағы парламент сайлауындағы жеңілісіне байланысты болып отыр. Парламенттегі 150 мандаттың басым бөлігін немесе 79-ын коалицияға жасақталған оңшыл партиялар алды.

Соңғы жаңалықтар