Бірінші сыныптың оқушысын қағып кеткен күдікті қолға түсті - Павлодар

ПАВЛОДАР. 2 мамыр. ҚазАқпарат - Павлодар қаласының полициясы 21 сәуірде реттелмейтін өтпе жолда 1-ші сыныптың оқушысын қағып кеткен жүргізушінің тұлғасын анықтап, қолға түсірді, деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметі.

Бірінші сыныптың оқушысын қағып кеткен күдікті қолға түсті - Павлодар

Кішкентай қыз алған жарақатына байланысты оқиға орнында көз жұмды, оны қағып кеткен жүргізуші жол-көлік апаты болған жерден ізін суытқан. Жол-көлік апаты бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.

Жедел-іздестіру шарасының барысында 30 сәуірде техникалық қызмет көрсету стансасынан жол-көлік апатының белгісімен «Мерседес» маркалы көлік анықталды. Оның 25 жасар жүргізушісі - Павлодар қаласының тұрғыны бұған дейін екі рет істі болған. Өлімге әкелген жол-көлік апатына оның қатысы бар екендігін анықтау мақсатында қосымша тергеу амалдары жүргізілуде.