Бірінші тоқсанда бюджетке салық түсімі 114,5 пайыз орындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында мемлекеттік бюджетке түскен салық түсімі 114,5 пайызға орындалды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Мәди Такиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бірінші тоқсанда бюджетке салық түсімі 114,5 пайыз орындалды

«2017 жылы шоғырландырылған бюджетке салық түсімдері жоспарының орындалуы 106,3 пайызды құрады. Толықтай алғанда, өткен жылыдң қорытындысында 8 трлн 13 млрд теңге түсті. Оның ішінде мемлекеттік бюджет 101 пайызға орындалып, 6,8 млрд теңге түсім болды. Бюджеттің артығымен орындалуы 95 млрд теңгегі құрады.  Ұлттық қордың орындалуы 127 пайызға орындалды. 2 млрд теңге түсіп, 426 млрд теңгеге өсім болды», - деді ол.

Төраға орынбасарының сөзіне қарағанда, 2017 жылғы шоғырланған бюджетке салық түсімдерінің өсім қарқыны 2016 жылмен салыстырғанда 123 пайызды немесе 1 трлн 658 млрд теңгені құрады.

«2018 жылдың 1 тоқсаны қорытындысы бойынша бюджеттің орындалуы 114,5 пайызды құрады. 2 трлн 244 млрд теңге түсті. Жоспар 293,5 млрд теңгеге артығымен орындалды. Оның ішінде Ұлттық қорға түсім жоспары 166 пайызға артып, 458 млрд теңге түсті. Артығымен орындалған көлем 182,5 млрд теңге болды. Бірінші тоқсандағы шоғырланған бюджетке түсімдердің өсім қарқыны өткен жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 104 пайызды құрады. Өсім 82 млрд теңгеден асты», - деді Мәди Такиев.