Бірінші тоқсанда «ҚазАгро» компаниясының топтары арқылы несилеу көлемі 33 пайызға артып, 25,4 млрд. теңгеге жетті

АСТАНА. Сәуірдің 21-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ -2009 жылдың 1-ші тоқсанында «ҚазАгро» компаниясының топтары арқылы несилеу көлемі 33 пайызға артты.

Бірінші тоқсанда «ҚазАгро» компаниясының топтары арқылы несилеу көлемі 33 пайызға артып, 25,4 млрд. теңгеге жетті
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «ҚазАгро» холдингінің Басқарма төрағасы Асылжан Мамытбеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында, Ұлттық қордың қаражатын ескергенде, «ҚазАгро» компаниясы топтары арқылы несиелеу көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда тұтастай алғанда 33 пайызға артып, 25,4 млрд. теңгеге жетті, ал астық сатып алу жөніндегі форвардтық мәмілелерді қосқанда, көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру көлемі 8 пайызға ұлғайып, 21,1 млрд. теңгені құрады», деді Үкімет отырысында А. Мамытбеков. Оның айтуынша, есепті кезеңде 14,5 млрд теңге тартылған. «Агроөнеркәсіптік кешенді қолдау жөніндегі «ҚазАгро» қабылдап жатқан шаралар 1-ші тоқсанда жаңа жұмыс орындарын құруға және 662 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік берді. Жыл соңына дейін біз 10,8 мыңға жуық адамға жұмыс тауып беруді жоспарлап отырмыз», деді «ҚазАгро» басшысы.