Бірінші тоқсанда Қазақстандағы ЖІӨ өсімі 3,8 пайызды құрады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы бірінші тоқсанда ЖІӨ өсімі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,8 пайызды құрады. Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігіндегі брифингте осы ведомствоның төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, 2014 жылғы қаңтар-сәуірде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 1319,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2013 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 2,1% артық.
Сонымен қатар аталған мерзімде өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 6076,1 млрд. теңгені құрады, бұл 2013 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 0,1% кем.
«2014 жылғы қаңтар-сәуірде ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 315,6 млрд. теңгені құрап, былтырғы сәйкес кезеңге қарағанда 3,6% артық болды», - деді Ә. Смайылов.