Бірінші заңгерлер форумы қарым-қатынасты тиімді өткізуге барынша жағдай жасап отыр
АЛМАТЫ. 15 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Бірінші заңгерлер форумы барлық қатысушылар үшін қарым-қатынасты тиімді өткізуге барынша жағдай жасап отыр.
Мұнда заңгерлер ғана емес, қаржы компанияларының, мемлекеттік органдардың, мамандандырылған бұқаралық ақпарат құралдары мен заңгерлік бизнеске қатысы бар барлық мамандар жиналған», - дейді Linkage & Mind компаниясының Басқарушы директоры Мадина Сыпатаева. Оның айтуынша, заңгерлер, экономистер, қаржыгерлер белгілі бір уақытта осылай бас қосып бизнесті тиімді дамытудың өзекті мәселелерін өзара талқылап отырса нұр үстіне нұр болмақ. Бұл шараны ұйымдастырушылар барлық қатысушылар үшін барынша ұтымды да көңілді өткізуге барлық күш-жігіерін жұмсап отыр. Олар екі күн бойы заңгерлік бизнестің көкейкесті мәселерін жан-жақты талқыласа, үшінші күні заңгерлердің бірінші гольф турниріне қатысып өз бағын сынауға мүмкіндік алмақ.